Жаңалықтар
Trending

Құрметті отандастар! Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

25 қазан — ел тарихындағы маңызды мереке. 1990 жылы дәл осы күні Қазақстанның Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болды.

Тарих қатпарында қалған айшықты күн 2022 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздегі ұлттық мереке ретінде күнтізбеге қайта енгізілді.

Республика күні біздің бірлікке және гүлденген қоғамды бірлесіп құруға деген ұмтылысымызды білдіреді.
Бүгін біз Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктерін мақтан тұтамыз. Бірлескен күш-жігермен біз барлық жоспарланған межені жүзеге асыра аламыз және әрқайсысы үшін тең мүмкіндіктер мемлекетін құра аламыз!

Сіздерге зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен келісім, шығармашылық шабыт және Отанымыздың игілігі үшін жемісті жұмыс тілейміз! Біздің барлық бастамаларымыз сәтті, ал болашағымыз жарқын болсын!

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button