Жаңалықтар

Республика бойынша 22,9 млн га алаңда далалық іздестіру жұмыстары жүргізілді

Бұл туралы Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институтының кеңес отырысында белгілі болды. Жиынға Жер ресурстары комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов, институт директоры Гүлжаһан Бимендина және филиал басшылары мен сала мамандары қатысты.

Ағымдағы жылы 15 аймақтан филиалын ашып, қарқынды жұмысқа кіріскен мекеме республика бойынша 22,9 млн гектар алаңда далалық іздестіру жұмыстарын жүргізді. Бұл жалпы меженің 91,7%-ын құрайды. Оның ішінде 5,3 млн га алаңда топырақты зерттеу, 3,5 млн га топырақ бонитетін анықтау, 6,5 млн га геоботаникалық зерттеу, 7,6 млн га жер мониторингін жүргізу бар.

«Дала жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланда» — дейді мекеме басшысы Г.Бимендина.

Кеңес қорытындысында Комитет төрағасы Мұрат Теміржанов алдағы уақытта ауыл шаруашылығы жерлерін олардың сапалық жай-күйін тексеру, оны арттыру маңызды міндет екенін айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button