Мақала
Тренд

Серімов Есет Үсенәлиұлы: жарты ғасырлық жол – мал шаруашылығында

Қазалы ауданының тумасы Серімов Есет Үсенәлиұлы өзінің өмірінің елу жылдан астам уақытын мал шаруашылығына арнады. Ол бала кезінен бастап шаруашылықтағы үлкендерге көмектесіп, ауыл еңбегіне қызығушылық пен сүйіспеншілік танытты.

Жастайынан-ақ Есет Үсенәлиұлы түйе шаруашылығымен айналысып, 2000 жылы «Жеңіс» шаруа қожалығын құрды. Бұл қожалық бүгінде де табысты жұмысын жалғастырып келеді. Қазіргі таңда шаруашылықта 535 түйе мен 389 жылқы бар.

Көп жылдық тәжірибесінің, еңбекқорлығы мен өз ісіне адалдығының арқасында Есет Үсенәлиұлы мал шаруашылығы саласында елеулі жетістіктерге жетті. Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, ол мал шаруашылығы саласындағы үздік кәсіпкер атанып, Қызылорда облысы бойынша «Таңдаулы түйеші» құрметті атағына ие болды.

Оның өмір жолы – туған жерге деген сүйіспеншіліктің, ауыл шаруашылығына адал қызмет етудің және шынайы еңбек ерлігінің жарқын үлгісі. Осындай азаматтардың арқасында ауыл шаруашылығы дамып, ұлттық дәстүрлер сақталып, ауыл еңбеккерінің абыройы арта түсуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button