Жаңалықтар

ШҚО-да биыл топырақты құнарландыру үшін 46,8 мың тонна минералды тыңайтқыш керек

Бүгінгі күні минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауыттармен 37,0 мың тонна тыңайтқышқа шарт жасалды, оның ішінде шамамен 33,0 мың тонна жөнелтілді. Биылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер минералдық тыңайтқыштың тек 40%-тін төлейді, басқа бөлігін жергілікті атқарушы орган зауытқа тікелей төлейді.

Сатып алынатын минералдық тыңайтқыштардың 60%-тен астамы тыңайтқыштың екі түрі — аммиак селитрасы мен аммофос. Олар Қазақстанда өндіріледі («ҚазАзот» АҚ, «Қазфосфат» ЖШС).

Шығыс Қазақстан облысында (бұдан әрі — ШҚО) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер селитраны майлы және дәнді дақылдардың өнімділігін арттыру үшін қолданады.

Қазақстан Республикасында өндірістік қуаты жылына 350 тонна аммиак селитрасын (бұдан әрі – селитра) өндіретін жалғыз зауыт «ҚазАзот» акционерлік қоғамы болып табылады. Селитра ауыл шаруашылығында да, өнеркәсіпте де қолданылады. 2013 жылдан бастап бүкіл ел бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге селитраны сататын «ҚазАзот» АҚ-ның ресми өкілі «Дарқан дала» агрохимиялық компаниясы» ЖШС болып табылады. Нитрат 500 кг полипропиленді биг-бегтерде және 50 кг қаптарда жеткізіледі.

Ауыл шаруашылығында азотты тыңайтқыштардың бірнеше түрі, оның ішінде сұйық түрі де қолданылады. Сұйық азотты тыңайтқыштардың бір түрі -құрамында 32% азот бар карбамид-аммиак қоспасы (КАС-32). КАС-32 әртүрлі дақылдарды өсіру үшін қолданылатын кең спектрлі тыңайтқыш.

2022 жылдан бастап Өскемен қаласында тиісті рұқсат құжаттары (лицензиялары, тіркеу туралы куәлігі және сертификаттары) бар «Дарқан дала» агрохимиялық компаниясы» ЖШС-да КАС-32 отандық өндірісі жүзеге асырылуда. Зауыт аумағында барлық қажетті инфрақұрылым: өндірістік цех (қуаты айына 6 000 тонна) резервуарлық парк, қойма үй-жайлары бар. Инвестициялық жоба аясында жеке теміржол тұйығын жобалау жұмыстары басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button