Жаңалықтар

Мәжілісте ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігі мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтті.

Комитет депутаттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Аудиторлар палатасы өкілдерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Жоғары аудиторлық палата Төрағасының ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы бойынша есебін тыңдауға дайындық мәселелері талқыланды.

Жиын барысында министр агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау ауыл шаруашылығын дамытуда және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін елдермен бәсекелестік жағдайында маңызды.

Соңғы 5 жыл ішінде саланы субсидиялау 1,9 есеге өсіп, ағымдағы жылы 456,4 млрд. теңгені құрады. Бұл осы кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 1,9 есеге ұлғайтуға және 8,7 трлн. теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Осы кезеңде тамақ өнімдерінің өндірісі 2 есе ұлғайып, 3,1 трлн. теңгені құрады.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында АӨК-ге инвестициялар ағынының тұрақты үрдісі сақталып отыр. 5 жыл ішінде бұл көрсеткіш 2,7 есеге артып, 2023 жылы 981 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 5 жыл ішінде 1,7 есе өсіп, 2023 жылы 5,4 млрд АҚШ долларын құрады.

Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған адамға шаққандағы еңбек өнімділігі көрсетілген мерзімде 2,3 есеге өсіп, 4,8 млн теңгені құрады.

Министр ағымдағы жылы ведомствоның субсидиялау тетіктерін жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтті.

Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығында Мемлекет басшысының енгізілетін минералды тыңайтқыштар көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2024 жылдың наурыз айынан бастап отандық тыңайтқыштарды алдын ала субсидиялау тетігі енгізілді.

Бұл субсидиялаудың жаңа ынталандырушы тетігі, бұл ретте фермерлер алдын ала арзандатылған отандық тыңайтқыштармен қамтамасыз етіледі. Осы тәсіл аясында субсидиялар нормасы 50% -дан 60% -ға дейін ұлғайтылды.

Су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына аударым өтінімдері тетігі арқылы тікелей су берушілерге субсидиялар төлеу арқылы суармалы су беру жөніндегі қызметтерді сатып алуға арналған шығындарды өтеуді көздейтін өзгерістер енгізілді.

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау ережесіне 2 жаңа тетік енгізілді: егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған АӨК субъектілерінің қарыздарын жеке субсидиялау, қаржы институттарын тікелей субсидиялау.

Осылайша, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жылдық «таза» 5% -дық жеңілдікті мөлшерлемемен несие беру қамтамасыз етілді.

Көктемгі егіс жұмыстарын несиелеу кезінде кепілдікті қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі проблемасын шешу мақсатында аграршылар үшін қарыз шарты сомасының 85% қарыздарға кепілдік беру тетігі көзделген, далалық жұмыстарды жүргізуге кредиттік шарттар бойынша портфельдік кепілдік беру енгізілген.

Биылдан бастап министрлік қарыз алушылар тарапынан субсидия алуға құжаттарды тапсырудың қажеттілігінсіз жылдық «таза» 5%-дық сыйақы мөлшерлемесі бойынша АӨК субъектілеріне несие беру үшін қаржы институттарының сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялау тетігін енгізді.

Бағаны төмендету биылғы жылға қаржы институтын несиелеудің жалпы көлемі бойынша аванстық төлем арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда бұл тетік «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Даму банкі» АҚ секілді аграрлық сектордағы даму институттары үшін қолжетімді. 2026 жылдан бастап ол елдегі барлық қаржы институттарына таралады. Бұл тетік субсидиялау үдерісін жеңілдетіп, өндірушілерді бірден арзандатылған несиемен қамтамасыз етеді.

Жалпы, субсидиялау тиімділігін арттыру мәселесі ҚР Парламенті мен Үкіметінің ерекше бақылауында.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button