Жаңалықтар

Мал экспортына арналған квоталар: мәліметтер мен қазіргі жағдай

2024 жылдың 2 ақпанынан бастапҚазақстан Республикасынан жасы 12 айдан асқанбұқаларды және 6 айдан жоғары қошқарлардыәкетуге арналған сандық шектеулер күшіне енді. Бұл шешім мал экспортын реттеуге және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға бағытталған, деп хабарлайды BasAgro.kz ҚР Ауыл шаруашылық министрлігіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша ІҚМ экспортына 35 290 квота, оның ішінде бордақылауалаңдарына 29 986 квота және ауыл шаруашылығытауарын өндірушілерге 5 304 квота берілді. Жасы 12 айдан асқан бұқашықтарды әкету лимиті 60 000 бас, бордақылау алаңдары үшін 30 000 басқа және тауарөндірушілер үшін 30 000 басқа бөлінеді.

Қазіргі уақытта бордақылау алаңдарына ірі қара малын экспорттауға бөлінген квота таусылды, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қалған квота 24 696 бас. Сондай-ақ ұсақ малдың экспортына7580 квота, оның ішінде бордақылау алаңдарына6150 квота және ауыл шаруашылығы тауарынөндірушілерге 1430 квота берілді.

Айта кету керек, квоталарды бөлу тауарлар экспортына лицензиялар беру кезінде «Е-лицензиялау» порталы арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button