ЖаңалықтарМақала

Нан тағы қымбаттауы мүмкін. ҚТЖ кінәлі ме?

Қазір отандық диірменшілер қиын жағдайда. Ұн шығаратын ірі қазақстандық кәсіпорындардың бірі өз жұмысын тоқтатты. «Бест Қостанай» ЖШС-нің 150 қызметкері жалақысыз демалысқа шығуға мәжбүр. Бұл өзіміздің вагондардың аздығы мен шетелдік вагондарды пайдалануға тыйым салу салдарынан болып отыр.  Осы жайлы «Бест Қостанай» ЖШС коммерциялық директоры Олег Куртвапов айтып берді.

«Жүк тасымалы әсіресе жылдың аяғында, қыркүйектен желтоқсанға дейін өте жоғары болады. Сол кезде жыл сайын вагон тапшылығы туындайды. Соңғы 20 жылдағы жағдай ол.. Егер бұрын «Қазақстан темір жолы» АҚ бұл мәселені шешуге тырысса, биыл тіптен қиын. Олар шойын жолдағы коллапс шетелдік вагондардың көп болуынан деп есептейді. Ал менің ойымша, барлық мәселе вагондардың тапшылығында, қараусыз қалған пойыздар және сүйрейтін тепло-электровоздардың жетіспеушілігінде. КТТ («Қазтеміртранс» АҚ) вагондар паркінде 6 мың жабық вагон бар, ал тек Қостанай станциясынан айына 2 мыңы жөнелтеді. Әрине, ұннан басқа жүк бар екенін ұмытпаған жөн. Яғни, КТТ қажеттілікті қамтамасыз ете алмайды. Себебі бүкіл темір жол жүйесі бітеліп қалған. Егер, орташа алғанда, жүк алушыға 10 күнге дейін жетуі керек болса, ұлттық тасымалдаушы оны бір ай немесе одан да көп уақытта жеткізеді. Ұзақ уақыт жүрген соң шығыны да көп, вагондар да жетпей қалады. Себебі олар жолдағы тығында тұр. Сосын КТТ жабық вагондарды беруден бас тартады, жеке компанияларда олардың саны да аз – шамамен 100-150, ал бізге мыңдаған қажет.

Мәселені шешу үшін біз Орта Азия елдеріне жүк жеткізу үшін ресейлік вагондарды жалға алдық. Алайда, сүйреу күшінің, яғни тепловоздардың болмауына байланысты ҚТЖ бос құрамдарды далада тастай бастады. Мұндай кімге ұнайды? Ресейліктер жалға беретін вагондар санын қысқарта бастады, бірақ бұл да ҚТЖ үшін аз болып көрінді. Компания шетелдік вагондарды пайдалануға мүлдем тыйым салды. Әрең отырған диірменшілердің жағдайын тіпті ушықтырды. Нәтижесінде біз келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындай алмаймыз, өндірісті тоқтатуға мәжбүр болдық және ұжымды таратамыз деген ойда жүрміз – мәселе күн тәртібінде тұр. Мұндай жағдай «Бест Қостанайда» ғана емес, жалпы салада бар, бұл шамамен 60 мың адам. ҚТЖ-ның ойластырылмаған шешімін диірменшілер де, жүктері жабық вагондарда тасымалданатын басқа салалардың өкілдерінің де тізелерін бүктірді.

Тыйым 28 ақпанға дейін созылады. Бірақ мен мерзім ұзаратынына сенімдімін. ҚТЖ: «бұл біз жақсы жұмыс істемейміз, бұл сіз мүлдем жұмыс істеуді тоқтатасыз!», – деген ұранмен жүретін сияқты. Дегенмен, бұл жағдай тасымалдаудың қымбаттауына әкеледі. Шетелдік экспедиторлар ҚТЖ – ның барлық «фокустарынан» кейін жалға алу құнына айдалада тоқтап қалу, «лақтыру» және тыйым салу түріндегі тәуекелдерді қосады. Тыйымды орындау үшін бір елден екінші елге вагондарды бос айдау арқылы шығынға ұшырайды. Бұл неге әкеледі?! Соңғы өнім тек Өзбекстан, Ауғанстан, Қырғызстан және т.б. алушылар үшін ғана емес, қазақстандықтар үшін де қымбаттайды. Біз Президент Қ.К. Тоқаевқа, Үкімет басшысы Ә. Смайыловқа, бас прокуратура мен ҰКП «Атамекенге» хат жазып, көмек сұрайтын боламыз», – дейді Олег Курпатов.

Айта кетейік, тыйым бір ай бұрын енгізілген болатын.

«ҚТЖ «ҰК» АҚ-ның 10.01.2023 ж. № 00014 өтінішіне байланысты кеңес дирекциясы 2023 жылғы 16 қаңтар мен 28 ақпан аралығында ҚРГ, ТДЖ, ТРК, УТИ темір жол әкімшіліктерінің барлық станцияларынан бос меншікті және жалға алынған жабық вагондарды ҚХР барлық станцияларында тасымалдауға конвенциялық тыйым салу енгізілгені туралы хабарлайды», – делінген хабарламада ұлттық тасымалдаушының факсограммасында.

Естеріңізге сала кетейік, елде мұндай тыйым алғаш рет енгізіліп отырған жоқ. 2020 жылдың маусым айында бос жартылай вагондарды өз аумағына басқа мемлекеттерден әкелуге мерзімсіз конвенциялық тыйым салынды. 2021 жылдың желтоқсанын да тыйым енгізілген. 2022 жылдың қыркүйек айының соңында теміржол инфрақұрылымын пайдалануға уақытша шектеу қойылды. Ұлттық тасымалдаушының жауабы бір: инфрақұрылымның шамадан тыс жүктелуіне әкелетін жеке теміржол желісіндегі жылжымалы құрамның профициті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button