Жаңалықтар

Өскеменде салынатын ЖЭО-ға қатысты жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

Биылғы сәуір айында Қазақстан мен Ресей көмір жылу электр орталығын салу туралы үкіметаралық келісімге қол қойған болатын.

Жоспарға сәйкес жаңа жылу электр орталықтары Көкшетау, Семей және Өскеменде салынбақ. Ал олардың құрылысын ресейлік «Интер РАО» компаниясы жүргізеді, деп хабарлайды BasAgro.kz.

23 Мамырда Өскеменде жаңадан салынатын жылу электр орталығының құрылысына қатысты жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Оған «Самұрық-Энерго» ұлттық компаниясы мен ресейлік «Интер РАО» компаниясының, өңірдегі энергетикалық кәсіпорындардың, Өскемен жылу желілері мекемесінің өкілдері қатысты.

Жиында нысанның салынатын жері, техникалық-экономикалық шарттары жайлы айтылды.

– Өскемен қаласының 2021 жылғы бас жоспарына сәйкес жылу электр орталығы Қасым Қайсенов кентінің іргесінен бой көтеретін болады. Бүгінгі жұмыс тобының отырысы барысында жылу орталығы салынатын жерді экологиялық талаптарға және техникалық-экономикалық шарттарға сәйкестігін қарастыратын болады. Барлық талаптарға сәйкес келсе жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, құрылысты бастайтын мерзім анықталады. Алдағы уақытта техникалық-экономикалық негіздемесі жасалады. Оны «Самұрық-Энерго» ұлттық компания өкілдері мен ресейлік «Интер РАО» компаниясы бірлесіп әзірлейді. Біз өз тарапымыздан ЖЭО-ға қажетті қуатты бекіттік. Бұл Өскемен қаласының 2040 жылға дейінгі даму стратегиясына байланысты анықталып отыр, – деді ШҚО энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button