Өз бетінше алынған жер учаскесі СҚО-да мемлекет меншігіне қайтарылды
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Петропавл қалалық департаменті мен әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің өтініші негізінде мемлекет меншігіндегі жерлерді заңсыз иемдену фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды BasAgro.kz.
Тексеру және өлшеу нәтижелері бойынша 0,8 га аумақтағы мемлекеттік меншік жер учаскесін жергілікті ЖШС-нің заңсыз иемденгені және пайдаланғаны анықталды.
Заң бұзушылық үшін заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Департамент Петропавл қаласының әкіміне мемлекеттік меншік жер учаскесін заңсыз иемденген жерді қайтару туралы шаралар қабылдау жөнінде хат жолдады.
СҚО мамандандырылған аудан аралық экономикалық сотының шешімімен Петропавл қаласының әкімдігінің талап-арыздары қанағаттандырылды.