Жаңалықтар

Павлодар облысында көкөніс қоймасы пайдалануға берілді

Исантерек ауылындағы арпа, картоп, сәбіз және басқа да дақылдар өсіретін “Молочное село” фермерлік қожалығы 2022 жылы 5,5 мың тонна өнімге арналған көкөніс қоймасының құрылысын аяқтады, деп хабарлайды basagro.kz.

Жоламан ауылындағы «Актогай milk» ЖШС де қарқынды дамып келеді. Қазіргі кезде СТФ-ға салынған инвестициялар көлемі 6,1 млрд. Теңгені құрайды, биыл сүт өңдеу цехын ашу жоспарланып отыр.

Ақтоғай ауылындағы «Актогай-Агро» ЖШС дән қырманының құрылысын жүргізіп жатыр. Жұмыстар биыл аяқталуы тиіс. Жолболды ауылындағы бірнеше жүз жылқы, ірі қара мен қой өсіретін “Аслан” ФҚ-ың мал шаруашылығы базасы қазіргі кезде шағын ауылдың ондаған тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Сондай-ақ, облыс әкімі Сілеті өзеніндегі гидротехникалық құрылыстардың дайындығы мен техниканың Шолақсор ауылын су басу қаупіне әзірлігін тексерді. Павлодар облысының ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп осы аумақты су басу қаупін болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Бұл мәселе ерекше бақылауда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button