Жаңалықтар

Петропавлдықтар биыл егінсіз қалуы мүмкін

Петропавлда жүздеген саяжай учаскесі бір айдан бері суда тұр, деп хабарлайды basagro.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Су басу салдарынан дүние-мүлік бүлініп, үйлер отыра бастаған. Тіпті кейбір тұрғындар көкөніс пен жеміс егетін науқан басталса да әлі күнге дейін саяжай маңына жақындай алмай отырғандарын айтады. Антон Лебедевтің саяжайдағы үйі тасқын судың астында қалған көп баспананың бірі. Арнасынан асқан Есіл өзенінің суы бір айдан бері жерге сіңбей, жұрттың жағдайын қиындатты дейді тұрғын. Соның салдарынан үйдің едені шіріп, қабырғаларына сызат түсіп, дүние-мүлік толық бүлінген. Жылда қайталанатын жағдайдан шаршадық деген азамат бұл мәселені шеше алмай отырған жергілікті билікке ашулы.

— Су тасқынынан қаншама шығын келді. Жылда өз күшімізбен жөндейміз. Жылда саяжайды су басады. Ең болмағанда бөгет қойып, су келмейтіндей етіп берсе ғой. Заречный ауылы маңындағы саяжай тұрғындары да әлі күнге дейін жеміс-жидек пен көкөністерін еге алмай отыр, – дейді қала тұрғыны Антон Лебедев.

— Қазір жемістер өнім беретін кез. Ал біз әлі тұқым еге алмай отырмыз. Ертең жер кепкенше, көкөністерді отырғызғанша әлі бір ай уақыт керек. Ал ол қашан шығады? Биыл пайда көрмейін деп тұрмыз. Бұл жылда қайталанатын жағдай екенін жергілікті билік өкілдері де мойындайды. Бірақ заң бойынша саяжай иелеріне өтемақы берілмейді. Ал бау-бақша егу үшін судың кетуін күтіп, шыдамдылық таныту қажет дейді, – деп айтты қала тұрғыны Элвар Штауэр.

— Бұл саяжайлар Есіл өзеніне тым жақын орналасқан. Сол себепті су баса береді. Біз оған ештеңе істей алмаймыз. Ешқандай бөгет көмектеспейді. Саяжайлар тұрғын үй саналмағандықтан өтемақы да бере алмаймыз. Ал Қазгидромет мамандары тағы су келіп, тасқын болып жатқандықтан жердің құрғамай тұрғанын айтады. Ал жағдай бір-екі аптадан кейін ғана реттеледі дейді, – деп мәлімдеді Петропавл қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасова.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button