Пияз бен картоп өндірушілеріне арналған сауда стратегиясы бойынша ұсыныстар

«Бұл ұсыныстар «Астық және Майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы тарапынан дайындалған және тек ақпараттық мақсатта ұсынылады.
Картоп:
Биылғы маусымда ауа райы былтырғы жылмен салыстырғанда анағұрлым қолайлы болды, сондықтан картоп тапшылығы күтілмейді. Бастапқы баға қазірдің өзінде төмендей бастады. Егін жинау алға жылжыған сайын Қазақстан Республикасына импорттық картоп әкелу тиімсіз бола түседі. Алайда өндірушілерді түйнекті экспорттауға салынған тыйым қатты алаңдатып отыр — «шетелге тұрақты жеткізілімдердің болмауы сыртқы нарықтан айырылуға алып келуі мүмкін, ал оны кейін қалпына келтіру өте қиынға соғады».
Пияз:
Бағаның төмендеуі отандық өнімнің түсуімен болжанып отыр. Өндірушілердің айтуынша, ауа райы қалыпты, пияз егілген алқаптардың көлемі көп жерде ұлғайтылған.
Картоп
Көтерме баға (теңге) | ||
Павлодар облысы | 170 — 190 | Нарық қатысушыларының айтуынша, төмендеу үрдісі сақталып отыр. |
Алматы облысы | 205 — 220 | Фермерлерде өнімді өткізуге қатысты мәселе жоқ — бүкіл көлемді ішкі нарықта сатуды жоспарлап отыр. |
Астана (Ақмола облысы) | 200 — 230 | Аймақта қолайлы ауа райының арқасында тұрақты өнімділік күтілуде. |
Солтүстік-Қазақстан облысы | 220-230 | Қазіргі уақытта үлкен көлемдер қолжетімді емес. |
Қостанай облысы | 190 — 200 | Нарық әзірге Ираннан әкелінген картопқа бағытталған. Жергілікті картоп әлі сатылымға шыққан жоқ. |
Пияз
Көтерме баға (теңге) | ||
Жамбыл облысы | 180-200 | Өнімнің нарыққа көптеп келуі тамыз айының басынан басталады, бұл бағаның төмендеуіне әкелуі мүмкін. |
Алматы облысы | 160 — 170 | Тамыздың ортасына қарай бағаның төмендеуі күтілуде |