Жаңалықтар
Trending
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет АӨК-тегі инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын күшейтеді
Үкімет отырысында Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.
«Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту міндеті инвестициялық жобаларды іске асырумен тікелей байланысты.
Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, Жол картасында көзделген индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс», -деп атап өтті Олжас Бектенов.