Жаңалықтар

«Qazaq Astyq Group» өсімдік майы өндірісін жылына 72 мың тоннаға дейін ұлғайтады

«Qazaq Astyq Group» Абай облысында тазартылған өсімдік майын өндіретін жаңа желіні салу жобасын жүзеге асыруда. Күніне 200 тонна тазартылған май шығаратын өндірістік желінің іске қосылуы 2025 жылға жоспарланған, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Бұл жоба компанияның өндірістік қуатын кеңейту және өнім көлемін жылына 72 мың тоннаға дейін арттырудағы маңызды қадам болмақ.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 8,3 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндіріс тәулігіне:

•522 тонна өсімдік майын,

•431 тонна шротты,

•2,6 тонна фосфатидті концентратты,

•36 тонна түйіршіктелген қауызды өңдеуге мүмкіндік береді.

Өндірістік желі тәулігіне 1200 тонна күнбағыс, сондай-ақ 800 тонна рапс пен зығыр тұқымын қайта өңдеуге бағытталған.

Шикізаттың негізгі жеткізушілері отандық ауыл шаруашылығы өндірушілері мен Ресейден келген импорттаушылар болмақ. Жаңа кешеннің іске қосылуы компанияға ішкі нарықтың тазартылған күнбағыс майына деген сұранысын толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық жеткізілімдерді де жолға қоюға мүмкіндік береді.

Дайын өнім мына елдерге экспортталатын болады: Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Үндістан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Эстония.

Өндірісті кеңейту мен жаңғыртуға бағытталған бұл жоба өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға және қазақстандық өнімдердің халықаралық нарықтағы үлесін арттыруға айтарлықтай үлес қоспақ.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button