Жаңалықтар
Тренд

Қазақстан мен Әзербайжан балық, бал және ара шаруашылығы өнімдерін экспорттауға арналған ветеринариялық сертификаттарды келісті

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ветеринария саласындағы ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Қазақстаннан Әзербайжанға балық және балық өнімдерін, сондай-ақ бал мен ара шаруашылығы өнімдерін экспорттауға арналған ветеринариялық сертификаттардың нысандарын келісу және парафирлеу жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Аталған сертификаттар екі елдің уәкілетті ветеринариялық қызметтері арасындағы ресми келіссөздер барысында әзірленіп, мақұлданды. Бұл қадам жануар тектес өнімдердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмыстың нәтижесі және мемлекеттер арасындағы жоғары деңгейдегі сенім мен өзара ынтымақтастықты айғақтайды.

Ветеринариялық сертификаттар нысандарын келісу қазақстандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады: Әзербайжанның әлеуетті нарығына шығу, экспорт географиясын кеңейту және өнімнің халықаралық ветеринариялық талаптарға сәйкестігін дәлелдеу.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті шетелдік елдермен ветеринариялық құжаттарды келісу және жануар тектес қазақстандық өнімдерді сыртқы нарықтарға ілгерілету үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button