Жаңалықтар

Қазақстан мен Нидерланд Корольдігі фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

Халықаралық Grow Expo көрмесі аясында ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбеков Нидерланд Корольдігінің Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және табиғат министрлігі бас фитосанитариялық инспекторының орынбасары Лианне Керсбергенмен және Нидерландтың Азық-түлік өнімдері мен тұтыну тауарларының қауіпсіздігі жөніндегі басқармасының (NVWA) аға маманы Йерун Кавеларспен кездесті.

Тараптар импорт пен экспорт кезінде фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, импорттаушы елдердің талаптарын сақтауға, сертификаттау кезіндегі бақылау рәсімдерін жетілдіруге, сондай-ақ фитосанитариялық тәуекелдерді басқаруға назар аударылды.

Карантиндік зиянды организмдердің таралуына жол бермеу және ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ету мақсатында құзырлы органдардың үйлестірілген іс-қимылдарының маңыздылығы айтылды.

Сондай-ақ екі елдің бейінді қызметтері арасындағы өзара іс-қимылдың сындарлы әрі қарқынды дамуы, жоғары деңгейдегі сенім мен өзара қызығушылықтың айқын көрінісі екеніне назар аударылды.

Одан әрі меймандар аталған комитет жанындағы Республикалық өсімдіктер карантині орталығының жұмысымен, зертханалардың техникалық жабдықталуымен және операциялық қызметімен танысты.

Кездесу нәтижесінде тараптар институционалдық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және жүйелі кәсіби диалогты дамытуға дайын екендерін жеткізді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button