Қазақстан мен Өзбекстан фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыруда

Түркістан облысында Қазақстан және Өзбекстан мамандарының қатысуымен үйірлі шегірткеге қарсы бірлескен мониторинг жүргізілді.
Өзбекстаннан келген жұмыс тобы өңірде марокко шегірткесіне қарсы жүргізіліп жатқан химиялық өңдеу жұмыстарымен танысты.
Сарыағаш және Қазығұрт аудандарында делегация қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру барысымен, қолданылып жатқан технологиялармен, пайдаланылатын препараттармен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптарын өңдеуге жұмылдырылған мамандандырылған техникамен танысты.
Тараптар шегіртке зиянкестерінің таралуының алдын алу, егіс алқаптарын қорғау және шекара маңындағы аумақтарда бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Кездесуге қатысушылар өңірдегі тұрақты фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету үшін ақпаратпен және практикалық тәжірибемен жедел алмасудың маңызын атап өтті.
Тәжірибе алмасу және фитосанитариялық ахуалға мониторинг жүргізу жұмыстары Өзбекстанда жалғасын тапты.



