ЖаңалықтарМақала
Тренд

Қазақстан ТМД АӨК мәселелері жөніндегі Үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты

Душанбеде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі Үкіметаралық кеңесінің 37-отырысы өтті. Іс-шараға ТМД-ға мүше мемлекеттердің өкілдері, ТМД Атқарушы комитеті, халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Қазақстан Республикасы делегациясын ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы басқарды.

Отырысқа қатысушылар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекетаралық қатынастар туралы келісімнің жаңа редакциясын талқылауды, ТМД мемлекеттерінің агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қатысты бастамаларын, қой шаруашылығының перспективаларын, сондай-ақ ФАО-мен өзара іс-қимыл тәжірибесін және акваөсіру саласында мамандар даярлау мәселелерін қамтитын кең ауқымды тақырыптарды қарастырды.

Өзінің кіріспе сөзінде вице-министр Кеңестің өңірдегі ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылау мен тәжірибе алмасудың негізгі алаңы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
«Үкіметаралық кеңес аясындағы жұмыс ТМД елдерінің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығын тереңдетуге және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді», – деп атап өтті Ермек Кенжеханұлы.

Қазақстандық тарап азық-түлік қауіпсіздігі мен стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар енгізіп, қағидатты ұстанымдарын білдірді. Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық бағдарламасының жобасы қолдау тапты. Оның аясында Қазақстан 2030 жылға дейінгі Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық жоспарды әзірлеу бастамасын көтерді, сондай-ақ шегіртке зиянкестеріне қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметаралық кеңестің келесі мәжілісін 2026 жылдың екінші жартыжылдығында Өзбекстан Республикасында өткізу жөнінде шешім қабылданды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button