Жаңалықтар

Қазақстанда 500 мың тоннадан астам нан өндірілді

Елімізде былтыр 518 мың тоннадан астам нан өндірілді, деп хабарлайды basagro.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Былтырғы жылдың желтоқсанда жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының орташа бағасы килограмына 351 теңгені құрады. Бірінші сұрыпты ұннан — 198 тг/кг, ал қара бидай наны орта есеппен 424 тг/кг сатып алынды. (нанның орташа салмағы — 500-600 гр.).

Айта кетейік, 2022 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтар орташа есеппен (жан басына) бірінші сұрыпты ұннан пісірілген 7,5 кг бидай нанын (қалалық жерде — 7 кг, ауылдық жерде — 8,2 кг) және қара бидай нанының 780 гр (қалалық жерде — 979 гр., ауылдық жерлерде — 475 гр.) тұтынған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button