Жаңалықтар

Қазақстанда балық аулауға тыйым салынады

5 сәуір мен 5 маусым аралығында балық аулау мен балық өнімдерінің айналымына ерекше бақылау жасалады, деп хабарлайды basagro.kz.

Бұл туралы Ішкі министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингісінде айтты.

«Экология және табиғи ресурстар министрлігі балық және басқа да су жануарларының биоалуандығын сақтау үшін ел аумағында 5 сәуір мен 5 маусым аралығында «уылдырық шашу» акциясын өткізеді. Ведомство әр өңірдегі ерекшеліктерді ескере отырып балық аулауға тыйым салу мерзімін енгізді», — деді ол.

Шұғыла Тұрлыбек аталмыш акция талаптарын бұзғандарға қандай шара қолданылатынын да айтты.

«Осы кезеңде мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері балық аулауға тыйым салуға, балық және балық өнімдерін заңсыз сатып алып, өткізудің, тасымалдаудың фактілерін анықтап, жолын кесуге басты назар аударады. Осы тыйымды бұзғаны үшін заңнамада әкімшілік кодекстің 383-бабы бойынша 10 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру (Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша) қылмыстық жауапкершілік көзделген», — деді ІІМ өкілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button