Қазақстанда егіс алқаптары ұлғайтылады
Биылғы жылы Қазақстанда егіс алқаптары ұлғаяды, деп хабарлайды basagro.kz.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің мәліметінше, 2023 жылы жалпы егіс алқабы 23,2 млн га құрайды.
Көкөніс-бақша дақылдарының егіс алқаптары ұлғайтылады. 2023 жылы оларға 2022 жылы 270,1 мың га қарсы 280,2 мың га бөлінетін болады.
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдарын 171,3 мың гектарға және қант қызылшасын 6,7 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Сондай-ақ, көкөніс және бақша дақылдарының 10,2 мың гектарға артуы болжануда.
Ылғалды көп қажет ететін дақылдарға келетін болсақ, ағымдағы жылы өткен жылмен салыстырғанда мақта алаңының 13,8 мың гектарға азаюы болжанып отыр, осының нәтижесінде ол 112,5 мың гектарды құрайтын болады.
Сонымен қатар, Үкіметтің суды көп қажет ететін дақылдар алаңын азайту жөніндегі тапсырмасына қарамастан, күріш алаңдарының өткен жылмен салыстырғанда 9,9 мың гектарға ұлғаюы байқалады (2023 жылы — 97,7 мың гектар).
Осыған байланысты, Қызылорда және Түркістан облыстарының әкімдіктері бұл мәселені бақылауда ұстауы қажет.
Майлы дақылдар бойынша да алаңды 191 мың гектарға азайту жоспарлануда. Бұл мақсары (-175,6 мың га), зығыр (-45,6 мың га) және қыша (11 мың га) сияқты дақылдар. Майлы дақылдардың жоғары рентабельді және дәнді дақылдарды жақсы алмастырушы болып табылатындығын ескере отырып, облыстардың әкімдіктері ауыспалы егістерді әртараптандырудың және сақтаудың артықшылықтарын кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізулері қажет, — деді министр.