Жаңалықтар
Trending

Қазақстанда жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша симуляциялық оқу-жаттығулары өткізілді

В рамках реализации Соглашения между Правительством и Всемирной организацией здоровья животных, КВКН МСХ РК разработал план симуляционных учений ветеринарной службы на 2025 год.

Үкімет пен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арасындағы келісімді жүзеге асыру аясында, АШМ ВБжҚК 2025 жылға ветеринариялық қызметтің симуляциялық оқу-жаттығуларының жоспарын әзірледі, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Осы жоспарға сәйкес, 18 аса қауіпті ауырулар ошақтарына қарсы іс-қимыл бойынша оқу-жаттығулар жыл бойы жүргізіледі. Сондай-ақ, Қазақстанның 16 облысындағы ветеринарлық бақылау бекеттерінде импорт, экспорт және транзит рәсімдерін жүргізу кезінде ветеринарлық бақылау бойынша симуляциялық оқу-жаттығулар жоспарланған.

Осыған байланысты Түркістан облысында сібір жарасы бойынша оқу-жаттығулары өткізілді, оған 70 ветеринариялық қызметкер қатысып, 14-тен астам арнайы көлік бірлігі пайдаланылды. Оқу-жаттығулар барысында қызметтердің ведомствоаралық өзара іс-қимыл, диагностика, ақпараттандыру, локализациялау, жою және инфекциялық аурудың алдын алу мәселелері пысықталды. Сондай-ақ, облыстық және аудандық ветеринариялық қызмет бөлімшелерінің төтенше жағдайдың салдарын жоюға дайындығы тексерілді.

Оқу-жаттығуларға қатысушылар қолайсыз пункттің шекарасын белгілеуді, ауру ошағында жою іс-шараларын жүргізуді, тәуекел аймағында алдын алу іс-шараларын іске асыруды қоса алғанда, дала жұмысының дағдыларын көрсетті.

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ұсыныстарына сәйкес сібір жарасы ошағы пайда болған жағдайда ветеринарлық қызметтің жедел әрекет етуге дайындығы расталды.

Осындай оқу-жаттығулар Қазақстанның барлық өңірінде өткізілетін болады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button