Жаңалықтар
Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз жем өткізбек болғандар ұсталды
Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз 14 тонна жем өткізуге тырысқандар ұсталды, деп мәлім етті Қырғыз Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігі, деп жазады BasAgro.kz.
Оны «Ақ-Тілек» бақылау-өткізу пунктіндегі Ветеринария қызметі инспекторлары анықтады.
«Жүктің ветеринариялық құжаттары жоқ және ЕАЭО ветеринария-санитария талаптарын сақтамаған», — деп толықтырды ведомство.
Инспекторлар тиісті акт толтырып, жүк «Ақ-Тілек» бақылау-өткізу пункті арқылы Қазақстан Республикасына қайтарылды.