Жаңалықтар

Қазақстанның жер ресурстарын тұрақты басқару саласындағы тәжірибесі туралы СОР16-да айтылды

БҰҰ-ның шөлейттенуге қарсы конвенциясының 16-шы Тараптар Конференциясы (COP16) 2024 жылдың 2-13 желтоқсаны аралығында Сауд Арабиясы Корольдігінің Эр-Рияд қаласында өтеді, деп хабарлайлы BasAgro.kz.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аталған іс-шараға Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Конвенцияның ұлттық үйлестірушісі Мұрат Теміржановты ұсынды.

Конференцияда Мұрат Теміржанов Қазақстанның жер ресурстарын тұрақты басқару саласындағы тәжірибесі туралы айтты. Министрлік және жұмыс сессиялары шеңберінде жердің тозуының бейтарап теңгерімі (ЖТБТ) қағидаттарын енгізу, жерді пайдалану саласындағы ұлттық саясатты жетілдіру және тозған аумақтарды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау мәселелері талқыланды.

Жер ресурстарының жай-күйін мониторингілеу және оларды тиімді қалпына келтіру үшін геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ) және қашықтықтан зондтау деректерін қоса алғанда, озық технологияларды пайдалануға ерекше назар аударылды. Қазақстан БҰҰ-ның шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Конвенциясы аясындағы халықаралық ынтымақтастыққа өзінің адалдығын атап өтіп, табысты тәжірибелермен бөлісуге дайын екендігін мәлімдеді.

Қазақстанның COP16-ға қатысуы халықаралық әріптестермен диалогты нығайтуға, ұлттық бастамаларды ілгерілетуге және тұрақты жер пайдалану және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласында жаһандық күн тәртібін қалыптастыруға бірегей мүмкіндік береді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button