Жаңалықтар

«Қордай» бақылау пункті арқылы балық өнімдерін заңсыз өткізу әрекеті тоқтатылды

Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан «Қордай» Ветеринариялық бақылау пунктінде Қырғыз Республикасына балық өнімдерін заңсыз өткізу әрекеті анықталды, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Пункттің ветеринариялық-санитариялық инспекторы жүргізген тексеру барысында екі автомобиль тасымалданатын өнімге тиісті ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз 8 тонна балық өнімін тасымалдағаны анықталды.

Автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынып, жүк қайтарылды.

Жүргізушілерге ветеринариялық бақылаудағы жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдауға қатысты ветеринариялық заңнаманың талаптары, сондай-ақ мемлекеттік шекарадан өту үшін барлық қажетті құжаттарды алудың маңыздылығы түсіндірілді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button