Жаңалықтар

Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстарында сарып анықталды

Қостанай облысында ірі қара мал бруцеллезінің өршуі анықталды, деп хабарлайды basagro.kz.

«Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің» Ю.К. Дьяченко» шаруашылығының аумағында ірі қара мал арасында сарып (бруцеллез) бойынша қолайсыз пункт деп жариялануына байланысты шектеу іс — шаралары белгіленсін», — делінген хабарламада.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерге анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық салауаттылыққа қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, сарып ақпан айының соңында – Қарабалық ауданында, наурыз айының басында – Ұзынкөл ауданында, наурыз айының соңында — Әулиекөл ауданында анықталған болатын.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша, тұрғындар арасында сарып ауруының 9 жағдайы тіркелді. Тіркелген жағдайдың 6-уы зертханалық расталды, қалған 3-еуі зерттелуде.

Сарып – қимыл-тірек аппараты, жүйке, жүрек-тамыр және несеп-жыныс жүйесін зақымдайтын ауыр созылмалы ауру. Адамдар үшін инфекция көзі – қой мен ешкі, сирек ірі қара, түйе, шошқа.

Басқа жаңалықтар

Back to top button