Қостанайда дәнді-бұршақ дақылдарын өңдеуге арналған қаптау және буып-түю желісі іске қосылды

Дәнді-бұршақ дақылдарын терең өңдеуге маманданған «Kaizen» ЖШС зауытында сағатына 4 тоннаға дейін өнім өңдеуге мүмкіндік беретін заманауи қаптау және буып-түю желісі пайдалануға берілді. Жабдық өнімді екі ағын бойынша бір мезгілде қаптауды қамтамасыз етеді, бұл өңдеу өнімділігі мен тиімділігін айтарлықтай арттырады.
Кәсіпорын 2023 жылдан бері жұмыс істейді және шикізатты қабылдаудан бастап 800 грамнан 50 кг-ға дейінгі қаптамада дайын өнім шығаруға дейінгі толық өңдеу циклін жүзеге асырады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 170 мың тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Өнім түрлеріне қызыл жасымық (жартылай және бүтін), бұршақ кіреді. Жақын жоспарларда – жасыл жасымық, ақ және қызыл бұршақ, қарақұмық және қазақстандық өндірістегі күріш шығару бар.
Arbella сауда маркасымен шығарылатын жармалар Түркия мен Ауғанстанға табысты экспортталуда.
2025 жылдың мамырында іске қосылған жаңа буып-түю желісі ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандырумен қатар экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған. Басым жеткізу бағыттарының қатарында Сирия, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан бар.