Жаңалықтар

ҚР АШМ Аграрлық несие корпорациясымен бірлесіп бордақылау алаңдарына жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосты

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық несие корпорациясымен және ҚР Үкіметінің қолдауымен бордақылау алаңдарына жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосты.

2025 жылға қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 50 млрд. теңгені құрайды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген шарттармен несие беру арқылы ірі қара және ұсақ мал бордақылау алаңдарын қолдау.

Қаржыландыру шарттары:

Қарыз мерзімі – 12 айға дейін;

Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%.

Бағдарламаға негізгі бағыты ретінде ірі қара/ұсақ мал бордақылау болып табылатын, тиісті өндірістік инфрақұрылымы бар кәсіпорындар қатыса алады.

Жобаларға қойылатын талаптардың бірі – бордақыланған малдың кемінде 50%-ын отандық ет өңдеу кәсіпорындарына өткізу.

Айта кетейік, 2025 жылғы 28 шілдеде Ақмола облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңесте Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері бордақылау алаңдарына жеңілдетілген несие беру бойынша жаңа бағдарламаны таныстырды.

Кеңес алу және қаржыландыруға өтінім беру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жақын жердегі өңірлік филиалына жүгіну қажет. Қосымша ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан немесе 5353 call-орталығы нөмірі арқылы алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button