Жаңалықтар

ҚР АШМ және ҚХР Бас Кеден басқармасымен өзекті мәселелерді шешу үшін жедел топ құрады

ҚХР-ға жұмыс сапары аясында Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қытайдың Бас кеден басқармасының басшысы Ю Цзяньхуамен кездесті. Кездесуге Қытай тарапынан ҚХР БКБ басшысының орынбасары Ван Лицзюнь, БКБ бірқатар департаменттері мен бөлімшелерінің басшылары қатысты, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Тараптар Қазақстан-Қытай тауар айналымын ұлғайту мақсатында өзара іс-қимылды, оның ішінде ҚХР-ға экспортқа арналған жаңа өнімдерді келісуді, қазақстандық кәсіпорындарды ҚХР импорттаушылар тізіліміне енгізуді және басқа да мәселелерді талқылады.

«Бүгінгі кездесу-сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам. Біздің бірлескен күш — жігеріміз көшбасшыларымыздың тапсырмаларын орындауға және жаңа нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететініне сенімдімін»,- деп атап өтті министр.

Кездесу нәтижелері бойынша тараптар жұмыс тобы шеңберіндегі жедел мәселелерді шешу бойынша ынтымақтастық туралы уағдаласты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button