ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті жер қатынастары саласында жаңа мемлекеттік қызметтерді іске қосты

2026 жылғы қаңтар айынан бастап eGov.kz порталында жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту, жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату, сондай-ақ жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру мемлекеттік қызметтері қолжетімді болды.
Аталған жаңа сервистер мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін жеңілдетуге, көрсету мерзімдерін қысқартуға, сондай-ақ жер қатынастары саласындағы рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Электрондық қызметтерді іске қосу ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті мен ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылды.
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді одан әрі жетілдіру және автоматтандыру жұмыстары жалғасын табады.



