Жаңалықтар
Тренд

Қырғызстанда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы өседі

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың бастамасымен биыл жалақыны кезең-кезеңімен арттыру процесі басталды, деп жазады Кабар.

Бұл туралы Министрлер кабинетінің төраға орынбасары — Президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жалақы өсімі әлеуметтік сала қызметкерлерін қамтыған, ал күзде басқа мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің де еңбекақысы артады. Ауыл шаруашылығы министрлігінде ең көп қызметкер Су ресурстары қызметінде жұмыс істейді.

— Биыл сіздердің де жалақыларыңыз өседі. 1 сәуірден бастап техникалық және кіші қызмет көрсетуші персоналға ай сайын 5 мың сом көлемінде қосымша төлем белгіленді. Ал 1 қыркүйектен бастап негізгі қызметкерлердің жалақысы 15 мың сомға дейін ұлғайтылады. Сонымен қатар еңбек күрделілігі үшін үстемақы 25%-дан 50%-ға дейін өседі, — деді Қасымалиев.

 

Source
inform.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button