Жаңалықтар

Қызылорда облысында суармалы инженерлік дайындаған жерлерді пайдалану бойынша мемлекеттік бақылау күшейтілді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облыстық департаменті суармалы инженерлік дайындалған жерлердің пайдаланылуын мемлекеттік бақылау нәтижесінде 133 агроқұрылымымен 14,3 мың гектар көлеміндегі 197 жер учаскесінде егіндерді алмастыру (ротация) схемаларының сақталмайтындығын анықтады, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 99-бабының талаптарына сәйкес, суармалы инженерлік дайындалған жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар егіндерді алмастыру схемасын сақтау, қажетті мелиорациялық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ учаскеде бар суару және коллектор-дренаждық жүйелерді тиісті жағдайда ұстау міндетті.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 338-бабына сәйкес, құқық бұзушылық жасаған агроқұрылымдарға 114 факт бойынша ескертулер түрінде әкімшілік жазалар қолданылды, сондай-ақ 19 факт бойынша құқық бұзушылықты қайталағаны үшін 6,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Әкімшілік жазаларымен қатар, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 93, 99, 148-баптарына сәйкес құқық бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар берілді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button