Новости

Түркістан облысында инвесторлармен ЖЭК станцияларын салу бойынша келіссөздер жүргізілді

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қытайдағы ірі компания «China Gezhouba Group Overseas Company Co., Ltd» өкілдерімен кездесті.

Извините, этот текст доступен только на “Қазақ тілі”.

Кездесу барсында жалпы қуаты 1,34 ГВт болатын жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) станцияларын салу мәселесі бойынша келіссөз жүргізілді. Жалпы инвестор 1,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады деп жоспарланған. Жобаларды жүзеге асыру және пайдалану кезеңінде 2 мыңнан аса жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады.

«China Gezhouba Group Overseas Investment Co., Ltd.» компаниясының өкілдері бұл электр станциялары Түркістан өңірінің ғана емес, Қазақстанның энергетикалық әлеуетін көтеруге серпін беретініне сенімді екенін жеткізді. Сонымен бірге экологиялық жағдайды жақсартуға да үлес қосатынын атап өтті.

Келіссөздер нәтижесінде, жұмыс басталып, электр станцияларының біріншісі 2025 жылы, ал соңғысы 2028 жылы пайдалануға берілу жоспарлануда.

«China Gezhouba Group Overseas Company Co., Ltd» кәсіпорнының әлем бойынша 99 елде филиалы бар.Оның бизнесі 142 елде жүріп тұр. Компания жылдар бойы Қытайдың 4000-нан астам «жаһандық» компанияларының арасында алғашқы ондыққа кірді.

Қазақстанның оңтүстік бөлігінің климаты жылына күн райы шуақты күндердің көптігімен ауыл шаруашылығы мен агробизнесті дамыту үшін де, сондай-ақ күн панельдері мен коллекторлар сияқты жаңартылатын энергия көздерінің технологияларын қолдану үшін де қолайлы жағдайлар жасайды. Дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділікті азайту арқылы бұл технологиялар жергілікті кәсіпкерлерге энергия шығындарын азайтуға ғана емес, сонымен қатар бизнесті кеңейтуге және жергілікті қоғамдастықтар мен өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашуға септігін тигізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button