Новости

Түркістанда агроөнеркәсіпті қолдау жайы талқыланды

Түркістан облысында «Оңтүстік аймақтағы агроөнеркәсіптің жай-күйі: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбы бойынша көшпелі отырыс өтті.

Извините, этот текст доступен только на “Қазақ тілі”.

Сенат Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Түркістан облысында «Оңтүстік аймақтағы агроөнеркәсіптің жай-күйі: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбы бойынша көшпелі отырыс өткізді.

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Бағлан Бекбауов отырыс барысында салаға кеетін инновация туралы хабардар етті. Су ресурстары және ирригация министрінің орынбасары Ерболат Ибрайханов су ресурстары саласындағы проблемаларды шешу туралы айтып берді. Сондай-ақ, сауда және интеграция министрінің орынбасары Айдар Әбілдабеков АӨК саласындағы өндірісті дамыту және кәсіпкерлерді қолдау қарқыны туралы баяндама жасады.

Түркістан және Қызылорда облыстары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Жамбыл облысы мәслихатының хатшысы баяндама жасады. Сенаторлар көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылармен бірге Үкіметтің атына жіберілетін бірқатар ұсынымдар әзірледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button