Новости

Ұлттық Жобаның Жемісі

Извините, этот текст доступен только на “Қазақ тілі”.

Күн санап кәсіпке ден қойғандардың қатары артуда. Бірі мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланып тың идеясымен жаңа кәсіп бастаса, енді бірі дөңгелетіп отырған кәсібін одан әрі ұлғайтып, көкжиегін кеңейтуде. Бұл облыстағы кәсіпке бет бұрғандардың жұмысының жанданып жатқанын көрсетеді. Өз кәсібін өрге домалатып жатқан кәсіпкерлердің бірі — Ерлан Өтепов, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Ерлан Өтепов ұлттық жоба аясында қайтарымсыз грант алып, жоғарғы қысымды шлангалар жасап шығаруды қолға алған. Қазірде ол екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Қажетті құрылғыларды Қытайдан алдыртқан кәсіпкер сұраныстың да аз емес екенін айтты.

«Бұл кәсіпті бастағаныма 3 айға жуық уақыт болды. Көптен ойда жүрген кәсіп болатын. Мемлекеттік бағдарлама аясында қайтарымсыз грант алып, осы кәсіпті жолға қойдым. Енді бұл шлангаларды аэропорттағы техникаға жауап беретін мамандар, газ пештеріне жауапты мамандар қатты қажет етеді,» — деді Ерлан Өтепов.

Өтеповтің айтуынша, өнімдер газ пештеріне, ұшаққа және өзге де техникаларға қажет. «Қытайдан құрылғыларды алдыртып, қызығып кірісіп кеттік. Бүгінде жұмысымыз жүйелі. 2 адамды қызметпен қамтып, осы жұмысты бастадық. Кәсібімізді жүргізуге ықпалы тиген жандарға айтар алғысымыз шексіз,» — деп бөлісті кәсіпкер.

Ерлан Өтепов сияқты кәсіпкерлердің табыстары ұлттық жобаның тиімділігін көрсетеді. Мемлекеттік қолдау арқылы іске асқан жобалар өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және халықтың әл-ауқатының артуына ықпал етуде. Бұл өз кезегінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.

Ерлан Өтеповтің жетістігі кәсіпке бет бұрған азаматтарға үлгі боларлықтай. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен азаматтардың белсенділігі ел экономикасының тұрақты дамуына негіз болып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button