Новости
Trending

Абай облысы: Мақаншыда май өндіретін зауыт салынып жатыр

Извините, этот текст доступен только на “Қазақ тілі”.

Мақаншы ауылында майлы дақылдарды өңдеп, тазартылған күнбағыс майын өндіретін жаңа кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр. Жобаның жалпы құны – 8 миллиард теңге. Оның 3 миллиарды – инвесторлардың жеке қаражаты, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Кәсіпорын толық іске қосылған кезде жылына 1000 тоннаға дейін тазартылған күнбағыс майын өндіреді деп жоспарланып отыр. 120 жаңа жұмыс орны ашылады.

Қазіргі таңда нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаны толық аяқтау мерзімі – 2027 жылдың желтоқсан айы.

Облыс әкімі Берік Уәли ауданға жұмыс сапары барысында май зауытының құрылыс барысымен танысты. Жобаның өңір үшін маңызды екенін атап өтті.

«Мақаншыда салынып жатқан май зауыты – тек аудан үшін емес, жалпы облыс үшін де маңызды өндіріс орны болмақ. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың табысы артады. Сондықтан бұл жобаны мерзімінде аяқтау қажет. Біз туған жерге туын тігіп, өңірге инвестиция салам дейтін азаматтарды қолдаймыз. Әкімдік тарапынан тиісті көмек көрсетілетін болады» деді аймақ басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button