Серик Жумангарин посетил Научно-производственный центр зернового хозяйства имени А.И. Бараева в Акмолинской области, который занимается исследованиями, направленными на устойчивое сельскохозяйственное производство. Центр специализируется на селекции, семеноводстве и коммерциализации засухо- и жароустойчивых зерновых культур, многолетних бобовых и кормовых трав, передает BasAgro.kz.
Одним из недавних достижений центра стал новый сорт мягкой яровой пшеницы «Таймас», который уже получил высокую оценку фермеров. Этот сорт превосходит отечественные и зарубежные аналоги по устойчивости к засухе, жаре и болезням. В прошлом году «Таймас» позволил фермерам в Карагандинской области добиться урожайности 30 центнеров с гектара, что является значительным успехом.
Высокий научный потенциал центра признан и на международной арене: в 2027 году здесь пройдет 10-й Всемирный конгресс по природоохранному сельскому хозяйству, что станет первым событием такого масштаба.
Центр также занимает лидирующие позиции в Казахстане по разнообразию селекции многолетних кормовых трав, создав более 29 сортов и 10 видов многолетних злаковых, бобовых трав и однолетних кормовых культур. Учитывая опыт и научную базу центра, Серик Жумангарин поручил разработать предложения по предотвращению деградации пастбищ.
«В прошлом году был принят Закон о пастбищах, который дает возможность местным жителям получить доступ к общественным пастбищам. Но другая сторона проблемы – их деградация. В ближайшие несколько лет перед нами стоит задача пересеять все пастбищные земли. Поэтому от вас, как от научного центра, нам нужны предложения, как это сделать эффективней и обеспечить производство необходимого объема семенами кормовых культур все потребности», — обратился вице- премьер к сотрудникам института.
Для решения проблемы деградации пастбищ предложено увеличить производство семян многолетних злаковых и бобовых трав, а также однолетних кормовых культур. Также планируется расширение элитно-семеноводческих и семеноводческих хозяйств, которые будут заниматься размножением отечественных сортов кормовых культур.
Также Серик Жумангарин предложил центру изучить возможность внедрения на своей базе карбонового земледелия. Отметил высокий экспортный потенциал кормовых трав, стоимость которых на рынке гораздо выше пшеницы. С учетом проводимой политики диверсификации посевов в Казахстане, увеличение посевов засухоустойчивых, масличных, кормовых культур должны стать ориентиром для развития аграрной науки.
Серік Жұманғарин Ақмола облысындағы А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығына барды. Климаттың өзгеруі — ғылыми өндірістік орталықтың қызметтік бағытын анықтайтын негізгі зерттеу жұмысының бірі. ҒӨО құрғақшылыққа және ыстыққа төзімді дәнді дақылдарды, дәнді-жемшөп дақылдарын, көпжылдық бұршақ және азықтық шөптерін іріктеумен, тұқым шаруашылығымен және коммерцияландыру жұмыстармен айналысады, деп хабарлайды BasAgro.kz.
Орталық ғалымдары шығарған «Таймас» жұмсақ жаздық бидайдың жаңа сортының сапасы шетелдік және отандық селлекциялық сорттардан әлдеқайда жақсырақ, шаруалар арасында үлкен сұранысқа ие. Былтыр аталған сорт Қарағанды облысының фермерлеріне бір гектардан 30 центнер өнім алуға мүмкіндік берді.
Орталық қызметкерлерінің жоғары ғылыми мүмкіндіктері мен жетістіктері халықаралық деңгейде танымал. ҒӨО 2027 жылы ауыл шаруашылығы бағыты бойынша табиғатты қорғау 10 Дүниежүзілік Конгрессін өткізуді жоспарланып отыр.
Сондай-ақ орталық көпжылдық шөптің түрлері мен сорттарының алуан түрлілігі бойынша елімізде көш бастап тұр. Бұршақты шөптердің және бір жылдық жемшөп дақылдарының 10 түрінің 29-дан астам сорты шығарылды. Жиналған тәжірибе мен орталықтың ғылыми базасын ескере отырып, Серік Жұманғарин орталыққа жайылымдардың деградациясын төмендету бойынша ұсыныстар жасауды тапсырды.
«Былтыр жергілікті тұрғындарға қоғамдық жайылымдарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін Жайылым туралы Заң қабылданды. Бірақ мәселенің екінші жағы – олардың деградациясы. Алдағы бірнеше жылда біздің алдымызда барлық жайылымдық жерлерге қайта себу міндеті тұр. Мәселені тиімді шешу және қажетті көлемді жемшөп дақылдарының тұқымын өндіруді және барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар берулеріңізді сұраймын», — деді вице-премьер институт қызметкерлеріне.
Жайылымдық жерлердің деградациясы мәселесін шешу үшін көпжылдық және бұршақ тұқымдас шөптер, сонымен қатар бір жылдық жемшөп дақылдарының тұқымын арттыру ұсынылды. Сондай-ақ мал азығы дақылдарының отандық сорттарын көбейтумен айналысатын элиталық тұқым және тұқым шаруақожалықтарын кеңейту жоспарланған.
Бұдан бөлек, Серік Жұманғарин орталық базасында көміртекті егіншілікті зерттеуді ұсынды. Ол нарықтағы құны бидайдан әлдеқайда жоғары жемшөптің жоғары экспорттық әлеуетін атап өтті. Вице-премьер Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауылшаруашылық дақылдарын әртараптандыру саясатын ескере отырып, құрғақшылыққа төзімді, майлы, мал азығы дақылдарын көбейту ауыл шаруашылығы ғылымын дамытудың бағдарына айналуға тиіс екенін айтты.