Новости

Cерік Жұманғарин ұсыныстарды тыңдап, мәселелерді мүдделі мемлекеттік органдармен бірге қарауға және шешім қабылдауға уәде берді

Мамыр айында Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде вице-премьер Серік Жұманғарин Қазығұрт ауданының бидай өндірушілерімен және Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының мақта өсірушілерімен кездесті.

Извините, этот текст доступен только на “Қазақ тілі”.

Бүгінде Түркістан облысында 469,3 мың гектар жерге көкөністер мен егін егілді. Оның 100 мың гектардан астамы – Қазығұрт ауданында. Мұнда бидай, арпа, жүгері, бұршақ дақылдары, майлы дақылдар, көкөністер өсіріледі. 2 мың гектарға жуық бақша жайқалды. Жайылымға 133 мың га бөлінген. Агроқұрылымдардың басым көпшілігі – шаруа қожалықтары (3375). Оның 105-і серіктестіктер болса, 127-сі – кооперативтер. Мал шаруашылығы, әсіресе қой шаруашылығы өте дамыған, 400 мыңға жуық бас бар.

«Қазығұрт-Агро» ЖШС-нің директоры Ержан Көбеев вице-премьермен кездесуде субсидиялауға жататын тыңайтқыштарды енгізу нормасын және фермерлер үшін арзандатылған дизель отынын тұтыну нормативін ұлғайту мәселесін көтерді. «Егер біз мөлшерін көбейтсек, біз жерді екі рет өңдеп, топырақты жақсарта аламыз», дейді ол.

Серік Жұманғарин өндіруші зауыттарда қажетті қорды қалыптастыру үшін фермерлер тыңайтқыштарға уақтылы өтініш беру қажет деп жауап берді.

– Биыл республика бойынша тыңайтқыштарға 35 млрд теңге бөлінді, біз шамамен 1,5 млн тонна енгізуді жоспарлап отырмыз. Келесі жылға арналған жоспарда көлемді 2,5 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Тыңайтқыш алуға мүмкіндігіңіз бар, өтінім беру керек, – деді ол.

Шаруа Спандияр Байғұлов шетелдік ауыл шаруашылығы техникасына субсидия берудегі мәселелер бойынша сұрақ қойды.

– Мен «John Deere» комбайнын 140 млн теңгеге несиеге алғым келді. Бірақ маған бұрынғыдай 6% — ға емес, тек 15% — ға ғана субсидия берілетінін айтты. Бұл қалай? – деді ол.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов енді Қазақстанда аналогтары өндірілетін шетелдік техниканы сатып алуға субсидиялар берілмейтінін айтты. Отандық техниканы сатып алуға берілетін субсидиялар 30%-ды құрайды. Шетелде шығарылған ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялау жалғасады.

Мақтаарал ауданында Серік Жұманғарин мақта егу бойынша көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты. Мұнда «Хамро Ата» өндірістік кооперативі Қытай инвесторымен бірлесіп, «Peng Seng» тамшылатып суару технологиясы бойынша 310 гектарға мақта отырғызды. Жобаның ерекшелігі – қарапайым әдіспен егілген мақта алқаптарымен салыстырғанда ағынды сулардың көлемін 50% үнемдеуге болады. Бұл өнімділікті гектарына 60-70 центнерге арттырады. Мұнда вице-премьерге мақта өсіру және қайта өңдеу бойынша жобалар ұсынылды, оларды іске асыру биыл басталды. Бұлар –құны 10 млрд теңге болатын «Cotton мақта», «Tulpar Textile» (15 млрд теңге, жіптер өндірісі), «TST Jetisay Textile» (жіптер өндірісі, мақта өңдеу, маталар мен тоқыма өндірісі) кластерлері. Сонымен бірге өзбек серіктестерімен бірлескен, құны 50 млн доллар болатын «Global Textile Turkestan» экспортқа бағдарланған кластері де жүзеге асады.

Вице-премьермен кездесуде мақта өсірушілер аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, көктемгі дала жұмыстарына (VLOOKUP) жеңілдетілген дизель отынын беру нормативтерін қайта есептеу мүмкіндігі туралы мәселені көтерді. Фермерлер субсидия төлемдерін кешіктіру деректерін айтып, шағымданды.

– Біз биыл арзандатылған бағамен 376 мың тонна дизель отынын бөлдік. Алдымен 340 мың тонна, ал қажеттіліктер нақтыланғаннан кейін тағы 36 мың тоннаға ұлғайттық. Қазір көктемгі егіс жұмыстарына фермерлер үшін жылдық 5% өсіммен 580 млрд теңге бөлеміз. Өтінім беріп, жеңілдіктерді пайдалануға болады, – деді Серік Жұманғарин мақта өсірушілерге.

Сондай-ақ сапар аясында вице-премьер жүгеріні қайта өңдеу зауытының, «ЭКО-культура» жылыжай кешенінің, банан өсіретін жылыжайдың құрылыс барысымен, «Бөрте-милка» сүт-тауар фермасының дамуымен танысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button