Новости

Түркістан: бәйдібектік шаруа мемлекеттік қолдаумен жылыжай шаруашылығын дөңгелетіп отыр

Бәйдібек ауданындағы Жамбыл ауылында Тынысбаевтар отбасы 2013 жылдан бері жылыжай шаруашылығымен айналысады. Жылыжайға биыл алғашқы рет 5 000 түп құлпынай егіліп, жақсы өнім жиналған. Сондай-ақ, 12 мың түп қияр, 400 түп жаңа сортты қызанақ егілген

Извините, этот текст доступен только на “Қазақ тілі”.

Бақша өнімдері ауыл дүкендеріне, артылғаны Қызылорда, Шымкент қалаларына жеткізіліп отыр. Мемлекеттің қолдауын тиімді пайдаланған шаруа бүгінде үш азаматты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта отбасылық кәсіпті кеңейту мақсатында 50 соттық жылыжай маңынан тағы да 50 соттық жер алып, он адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

«Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған.

«Ауыл Аманаты» жобасының негізгі қаржыландыру бағыттары:
1) Өңдеу саласына қатысты жобалар;
2) Өсімдік шаруашылығын дамыту;
3) ауыл шаруашылығы коперативтерін жабдықтау;
4) мал шаруашылығын дамыту;
5) басқа бағыттағы бизнес жобалар;

Несиенің негізгі шарттары:
1) шағын несие мерзімі 5 жылға дейін; мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін;
2) шағын несиенің ең жоғарғы сомасы — ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда 2,5 АЕК, яғни (8.6 млн теңге), зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 8 мың АЕК (27.6 млн теңге) дейін;
3) сыйақы мөлшері жылына 2.5 пайыздан аспайды;

Несие талаптары:
1) несие алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болуы тиіс;
2) басқа несиелері бойынша мерзімі өткен жарналар болмауы керек;
3) Мемлекеттік кірістер органдарында берешек болмауы тиіс;
4) кепілмен қамтамасыз ету;
5) зейнет жасына жетпеген;
6) Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайдың (жер телімі, қораның) болуы қажет;

Басқа жаңалықтар

Back to top button