Новости

Түркістан: Кентаудың инвестициялық мүмкіндіктері ұлғаяды

Кентауда өндіріс орындарын ашып, инвестициялық әлеуетін көтеру керек. Сонымен бірге жерге қатысты заңсыздықтарды жойып, жүйелі тірлік атқару қажет.

Извините, этот текст доступен только на “Қазақ тілі”.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау тұрғындарымен кездесуде осы және өзге де мәселелерге тоқталды. Атқарылған жұмыстарды баяндап, кемшіліктерді де айтты.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Кентау қаласында 2023 жылы 2 елді мекенде 7 жобаны іске асыруға облыстық бюджет есебінен 242 млн. теңге бөлінді. Атап айтқанда, Хантағы және Ащысай елді мекендеріндегі 18 көшеге 242 млн. теңгеге қаралып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы 3 елді мекенде 6 жобаны іске асыру үшін 477 млн. теңге қаралды «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 492 млн. теңгеге 92 жоба қаржыландырылды. АҚШ-тың белгілі инженері Илон Масктің «Starlink» спутниктік интернет құрылғысы Кентау қаласында 2 мектепте іске қосылды. Кентаудың жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 26 пайызға өсіп, 2023 жылы 76 млрд. теңгеге жетті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, биыл 4 айда бұл көрсеткіш 23 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға өскен. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 46,7 млрд. теңгені құрап, жоспар 784 млн. теңгеге артығымен орындалды.

Кездесуде Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың есебі тыңдалды. Сұрақ-жауап кезеңінде тұрғындар облыс әкіміне жер дауы, баспанамен қамту, мәдениет үйін салу, жұмыссыздық мәселесі және өзге де түйткілдер тарқатылды.

Кентаудағы жылу орталығын жөндеу барысы да айтылды. Одан кейін облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды жеке қабылдады. Түрлі өтініштер мен ұсыныстар айтылып, мәселелер бақылауға алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button