Новости

Түркістан облысында ауыл және мал шаруашылығын дамыту жұмыстары жалғасуда

Облыста агроқұрылымдарға мал азығы дақылдарын еккені үшін және мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар тұрақты көрсетілуде.

Извините, этот текст доступен только на “Қазақ тілі”.

Биыл Түркістан облысында малазықтық дақылдар көлемі 6,2 мың гектарға артып, 227,9 мың гектарға егілді. Сондай-ақ, облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 873,6 мың гектарға орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 3,4 мың гектарға артты (2023 ж. – 870,2 мың га), деп хабарлайды BasAgro.kz.

Жыл сайын мал басының ұлғаюына орай, жем-шөпке сұраныстың артуына сәйкес, егіс құрылымын қалыптастыруда малазықтық дақылдарға басымдылық берілуде. Биыл малазықтық дақылдар өткен жылмен салыстырғанда 6,2 мың гектарға артып, 227,9 мың гектарға егілді. Бұл – жалпы егіс көлемінің 26 пайызы.

Агроқұрылымдарға мал азығы дақылдарын еккені үшін және мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар тұрақты көрсетілуде.

Оның ішінде жоңышқа, жүгеріге нақты сатып алған тұқымына, минералды тыңайтқыштарына және пестицидтердің шығын көлемдерінің 50 пайызына субсидия қаржысы төленеді. Жеңілдетілген жанар-жағар май агроқұрылымдардың сұранысына сәйкес, 28,9 мың тоннаға қажеттілік анықталды. Оның ішінде мал азығын жинауға тауар өндірушілерден өтінім қабылданды.

Бүгінгі күнге ақпараттық жүйе арқылы 9,3 мың тонна дизель отынына 2231 өтінім қанағаттандырылды. Жұмыстар жалғасуда. Биыл мал қыстату науқанына 4,0 млн. тонна ірі сояулы мал азығын дайындау жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button