Новости

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ҮНЕМДЕЙТІН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ — БАСТЫ БАҒЫТ

Түркістан облысында су ресурстарын тиімді пайдалану мен су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Оған ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Түркістан облысының әкімі Нұрлхан Көшеров, сондай-ақ облыстағы су шаруашылығы мекемелерінің басшылары мен жауапты тұлғалар қатысты. Кеңес барысында облыстағы егістік алқаптардың вегетациялық кезеңі мен суармалы судың жай-күйі, жаңа Водный кодекстің ережелері және су үнемдеу бағытындағы жоспарлар кеңінен талқыланды.

Суды үнемдеу — уақыт талабы

Министр Нұржан Нұржігітов кеңес барысында елімізде 10 маусымнан бастап күшіне енген жаңа Су кодексіне тоқталды. Оның айтуынша, жаңа заңның басты жаңалығы — су үнемдеуді басты басымдық ету.

«Соңғы жылдары елімізде су тапшылығы айқын байқалып отыр. Поливтік судың көлемі жылдан жылға азайып барады. Сондықтан ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу — басты міндет. Мемлекет тарапынан осы салада еңбек етіп жүрген шаруаларға қолдау күшейтілетін болады», — деді министр.

Түркістан — суармалы жерлердің басты орталығы

Облыс әкімі Нұрлхан Көшеров өз сөзінде су ресурстарының тиімді пайдаланылуы ел экономикасының тұрақты дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, су тапшылығын шешу мен инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылуда.

«Бүгінгі таңда республика бойынша суармалы жерлердің төрттен бірі — 552 мың гектар — Түркістан облысына тиесілі. Биыл жоспар бойынша 27 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілуі тиіс болатын. Алайда облыс мүмкіндігін ескере отырып, бұл көрсеткіш 59 мың гектарға дейін жеткізілді. Қазіргі уақытта 46 мың гектар жерге су үнемдеу жүйелері енгізілді. Қалған жерлерге жұмыстар вегетациялық кезең соңында жүргізіледі», — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, “Ислам даму банкі” мен жергілікті бюджет қаражаттары есебінен бірнеше су нысандарына күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Ірі жобалар мен нәтижелі жұмыстар

Кеңесте облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков баяндама жасап, вегетациялық кезеңнің өту барысытуралы толық ақпарат берді. Оның айтуынша, биыл облыс бойынша 890 мың гектар жерге егін егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға көп. Оның ішінде 552 мың гектар — суармалы жерлер

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қажетті су көлемі нақты есеппен бөлінуде. Жалпы, өңірде вегетациялық кезең бірқалыпты өтуде. Аймақтық бюджет мүмкіндіктері шегінде су нысандарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өңірдегі су қоймаларынан ауыл шаруашылығына қажетті су босатылып жатыр.

2023 жылы облыстық бюджет есебінен:

  • 43 шақырымды құрайтын 11 су нысанына күрделі жөндеу басталды (10 канал – 2025 жылға өтпелі),
  • 1350 шақырым ұзындықтағы алты каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде:

  • Қосымша 2,9 мың гектар жер сумен қамтылды,
  • 26,9 мың гектар жердің мелиоративтік жағдайы жақсарды.

2024 жылы:

  • 59 шақырымды құрайтын 13 су нысанына күрделі жөндеу басталды (жалпы құны – 5,4 млрд теңге),
  • 21,8 шақырым каналға механикалық тазалау жоспарланған.

Республикалық меншіктегі нысандар бойынша жалпы құны 122,8 млрд теңгені құрайтын төрт ірі жоба жүзеге асырылуда.

Материалдық-техникалық жабдықталу жақсаруда

«Тұран су» мекемесіне арнайы техникамен қамтамасыз ету шаралары қолға алынды. 2023–2024 жылдары бұл мақсатқа 3,6 млрд теңге бөлініп, 60 дана арнайы техника сатып алынды. Соның арқасында осы жылдың алғашқы жартысында 533,4 шақырым каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы еліміздегі аграрлық әлеуеті зор аймақ ретінде су ресурстарын ұтымды пайдалануға, ауыл шаруашылығында тиімді технологияларды енгізуге барынша ден қойып отыр. Су үнемдеу — тек экономикалық емес, экологиялық қауіпсіздік пен болашақтың кепілі. Бұл бағытта қабылданып жатқан нақты шаралар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін беретіні сөзсіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button