Новости

Түркістан: «Қазсушар» филиалы жергілікті шаруаларды 900 млн текше метрге жуық суармалы сумен қамтамасыз етті

Түркістан облысының шаруаларына 871 млн текше метрден астам (871 млрд литр) суармалы су берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев мәлімдеді.

Извините, этот текст доступен только на “Қазақ тілі”.

Биыл облыстың ауылшаруашылық алқаптарын суаруға шамамен 3,3 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда өңірдің дихандарымен су беру жөнінде 6195 келісімшарт жасалды.

Бүгінге Түркістан облысының 18 су қоймасы 66%-ға толды, бұл шамамен 5,5 млрд текше метр су. Атап айтқанда, Шардара су қоймасына 4,96 млрд текше метр су жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 816 млн текше метрге артық.

Биыл өңірде 54 гидробекет жөнделді, 302 шақырым канал механикалық әдіспен тазартылды.

«Тәуелсіздікке 20 жыл» каналында механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, 3 сорғы агрегатын жөндеу аяқталды. Бүгінгі таңда 28 сорғы қондырғысының 23-і суару кезеңіне дайын.

Түлкібас ауданында магистральдық арналар қайта жаңғыртылып жатыр. Бүгінгі таңда жоспарланған 75 шақырымның 47,8 шақырымына құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

«Облыс бойынша барлығы 1028 шақырым канал қалпына келтірілді (жоспарланған жұмыстың 73,6%), 773 шақырым коллектор (70,9%), 5270 гидротехникалық құрылыс қайта жаңартылды (54%), тік дренажды ұңғымалар бұрғылау жұмысы аяқталып, 222 ұңғыма бұрғыланды», — деді филиал директоры Қазыбек Бедебаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button