Жаңалықтар

Рүстем Құрманов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен кетті

Рүстем Құрманов Үкіметтің қаулысымен берілген өтінішке сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, -деп хабарлайды Basagro.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз ққызметіне сілтемемен.

Рүстем Құрманов 2019 жылдың наурыз айынан бастап вице-министр қызметін атқарды. Бұл ретте ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйесінде ол 2003 жылдан бастап Ақмола облысындағы ведомствоның аумақтық бөлімшесінде мансабын бастады.

Бұған дейін ол ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы, агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің басқарушы директоры, ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі болған.

2018-2019 жылдары Рүстем Құрманов «ҚазАгро» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button