Жаңалықтар

СҚО-да фермерден жер учаскесі заңсыз тәркіленді

Открытый источникСолтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Мәселелердің бірі жер саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болды, деп хабарлайды Basagro.kz «ҚазАқпарат» ХАА-ға сілтеме жасай отырып.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ведомство басшысы Сергей Перов жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою кезінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан субъективті тәсілдің бар екендігін атап өтті.

«Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен ауыл шаруашылығы өндірушісінен уақытша жер пайдаланудағы ауданы 290 гектар жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару көзделген. Петровка ауылдық округі жиынының хаттамасы негіз болды. Алайда, «жергілікті өзін — өзі басқару туралы» заңға сәйкес, жер учаскелерін алып қою немесе жалдау мерзімін тоқтату мәселелерін қарау жергілікті қоғамдастық жиындарына бекітілмеген», — деді С.Перов.

«Жайылымдар туралы» заңда жайылымдарды басқару жоспары картасының шекарасында учаскелер болған жағдайда ғана мәжбүрлеп иеліктен шығаруға болатындығы айтылған.

Антикорда халықты жайылымды жерлермен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін сапалы және негізделген мониторинг жүргізе отырып, жер учаскелерін тиісінше пайдаланбау мәселесін қарастыру қажет деп санайды. Тек алынған мәліметтер негізінде мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылданады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button