Шенеуніктер Қазақстанда күнбағыс тұқымының тапшылығымен күресудің жолын тапты
Қазақстанда 4 ақпаннан бастап күнбағыс тұқымына экспорттық баж салынады, деп хабарлайды basagro.kz.
ҚР сауда және интеграция Министрлігінің бұйрығына сәйкес баж мөлшері 1 тонна шикізат құнының 20%, алайда 100 еуродан төмен болмауы тиіс.
Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің Ұлттық қауымдастығы бұл шара, соның ішінде әлемде күнбағыс өндірісінің 9 млн тоннаға дейін қысқаруына байланысты енгізіліп жатқанын хабарлады.
«Тапшылығы жарты миллион тоннадан асатын Орта Азиядан келген импорттаушылардың біздің шикізатымызды импорттау жолымен өз өңдеу саласын дамытуға, сол арқылы өз экономикамыздың дамуына елеулі үлес қосуға бағытталғанын атап өту қажет.
Баждарды енгізу — бұл нарықтың жоғары құбылмалылығы жағдайында, өз өндірісін ұлғайту және артық май өнімдерін экспорттау арқылы дайын өнім бағасының күрт өсуін тежеуге бағытталған уақтылы шара. Бұдан басқа, экспорттық баж қолданысқа енгізілгенге дейін отандық күнбағыс майын өндірушілермен бағаны тұрақтандыру туралы меморандумдар жасалатын болады, онда зауыттан босату бағасы литріне 750 теңгеден аспайды», — деп хабарлады қауымдастықдың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі экспорттық баж салығын енгізу күнбағыс экспортының орташа жылдық деңгейін сақтауға, әлемдік нарықтарда жоғары сұраныс пен бағаның өсуі жағдайында шикізатты елден әкетудің шамадан тыс көлемін тежеуге, сондай-ақ өзіндік өңдеуді, қосылған құны бар өнімді өндіру мен экспорттауды дамытуға жәрдемдесетінін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, өңдеу саласына ғана емес, жалпы ел экономикасының дамуына да оң әсер күтілуде.