Жаңалықтар
Trending

ШҚО: Агроөнеркәсіп саласында 6 ірі жоба іске асады

Шығыс өңірінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде субсидиялау бағдарламалары және жеңілдетілген кредит беру бағдарламалары іске қосылған. 2024 жылдың бес айында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 10,4 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қаджыбекова айтты.

Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 91,2 млрд теңге болды. Өсімдік шаруашылығындағы өсім 100 пайызға, мал шаруашылығындағы өсім 102,9 пайызға тең.

– «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстан облысына биыл 5631,2 млн теңге бөлінген. Мың несие беріп, 2380 жұмыс орнын құру жоспарда бар. 105 ауылдық округ пен 4 моноқала, 11 аудан аталмыш бағдарламаны іске асыруға жұмылдырылады. Облыс бойынша бір несиеге орташа чек – 5,6 млн теңге. Бағдарлама аясында облыс бойынша жиырмадан астам ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланған, – деді спикер.

Сонымен қатар тауарлы сүт фермаларын салу және қайта жаңарту секілді ірі инвестициялық жобаларға жеңілдетілген, бюджеттік несие беру бағдарламасы бойынша 10 млрд теңге бөлінген. Қазір 6 жоба іске асып жатыр. Аталмыш жобалар іске асқанда, сүт өндіру көлемі жылына 40 мың тоннаға арттырып, жергілікті кәсіпорындардың жүктемесін 60 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік туады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button