Жаңалықтар

ШҚО шаруаларына мал жаятын 78,6 мың гектар жер жетіспейді

Шығыс Қазақстан облысында мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге жайылымға 78,6 мың гектар жер жетіспейді, деп жазады BasAgro.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Өңір бойынша биыл мал саны артқан. Алайда жайылымдық жер тапшылығы мәселесі әлі де өзекті. ШҚО жер қатынастары басқармасының мәліметінше, шаруагерлер үшін мал жайылымына 78,6 мың гектар жер жетіспейді. Оның ішінде Зайсан ауданында – 8,9 мың гектар, Самар ауданында – 21 мың гектар, Тарбағатай ауданында – 10,2 мың гектар, Ұлан ауданында – 38,5 мың гектар.

«Осы мәселені шешу үшін бірнеше аудандағы пайдаланылмай бос жатқан жайылымдар тәркіленіп, тұрғындарға берілді. Мәселен, Зайсан ауданында бос жатқан 8,9 мың гектар, Самар ауданында 11,2 мың гектар, Тарбағатай ауданында 10,2 мың гектар, Ұлан ауданында 16,2 мың гектар жайылымдық жер тәркіленген. Сондай-ақ тоғыз елді мекеннің шекарасына қосымша 15,2 мың гектар жер жайылым үшін енгізілді», — делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, Ұлан ауданында 15,7 мың гектар орман алқаптарында мал жаю ұйымдастырылып, бұрын өнімділігі төмен егістік алқабына жатқызылған 1,2 мың гектар жер жайылымға ауыстырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button