Жаңалықтар
Тренд

Шығыс Қазақстан облысында 348 млн теңге тұратын балық өсіру кешені салынады

Өңірде балық шаруашылығы саласындағы жаңа жоба іске қосылады.

«Самал Тау» серіктестігі жылына 50 тонна өнім өндіретін балық өсіру кешенінің құрылысын бастамақ.

2025–2026 жылдарға жоспарланған жоба шеңберінде балық өсіруге арналған екі ангар, жем қоймасы және бес арнайы тоған салу көзделген.

Екі ангар мен тоғандар жүйесі форель тұқымдарын өсіруге арналмақ.

Өндірістік бөлімі диаметрі 6 метр, биіктігі 1,1 метр болатын жиырма дөңгелек бассейнмен, сондай-ақ өлшемдері 15×1,1 м және 12×1,1 м болатын екі капсула тәрізді бассейнмен жабдықталады. Қосымша тағы бес тоған қамтылған. Оның үшеуі — 15×15 м, екеуі — 20×15 м көлемінде.

Басты мақсат — өңірде аталған сала дамуына тың серпін беру және отандық балық шаруашылығының әлеуетін нығайту.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button