Жаңалықтар

Сиыр сүтінің көлемі 2%-ға ұлғайды

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша сауылған сиыр сүтінің көлемі шаруашылықтардың барлық санатында өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға ұлғайып, 6,3 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды basagro.kz ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында – 522 мың тонна. Бұл санат бойынша өсім 2,4% құрады.

Өсімнің ең жоғары қарқынын дара кәсіпкерлердің, шаруа немесе фермер қожалықтардың сүт өндірісі көрсетті. Мәселен, 2021 жылмен салыстырғанда сүт сауу көрсеткіші бірден 5,8%-ға артты. 2021 жылмен салыстырғанда былтыр жұртшылық шаруашылығындағы орташа сүт өнімділігі 0,7%-ға өсті.

Өңірлер арасында сүт сауу бойынша ең жоғары өсімді Жетісу облысы (+8%), одан кейін Шымкент қаласы (+5,9%) және Ұлытау облысы (+5%) көрсетті. Сауылған сүт көлемі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 767 мың тонна сүт.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы (@statgov.kz)

Басқа жаңалықтар

Back to top button